Негізгі кейіпкерлері Рама мен Сита, сондай-ақ Равана, Урмила, Джинаки, Дашаратхи, Бхарате, Сугрива, Валина, т.б. жаратушылардың аттары кездеседі. Оқиға Рама мен Ситаның ғашықтығы негізінде өрбиді. Одан әрі Сита сұлуды Равана патшаның ұрлауы, оны жұбайы Раманың іздеуі, қолды болған әйелін қайта қабылдаған Раманы халқының сөгуі, Ситаны орманға қуып жіберуі баяндалады. Рама Вишну аталатын Жаратушының жебірейілі, ол жерге Равана патша орнатқан әділетсіздікті жою үшін жіберілген. Жырда қайғы сарыны басым, кейіпкерлер бейнелері табиғат құбылыстарымен салыстырылып отырады: Сита — найзағай, Равана — вулкан, қара түсті піл, қою қара бұлт, т.б.