Байырғы төл сөздер бір жағынан, бұрынғы, ескі, көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тән, меншікті, етене қасиеттерімен сипатталады. Осындай сипаттағы қазақтың байырғы төл сөздері, негізінен қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан бөлініп шығып, 15-16 ғғ. 19 ғ. арасында өз алдына халық болып біріккен кезінде пайда болған.