Абай «Білімдіден аяман сөздің майын» немесе «Жалын мен оттан жаралған,** Сөзді ұғатын қайсың бар»** дегенде сөздің керемет бір сырларын, магиялық әсерін меңзегендей. Тегінде, әлем, табиғат, жаратылыс – құбылып құлпырған бояулар мен мыңдаған дыбыстардан, яғни гармониялық үйлесімділіктерден тұрады. Ұлттық санада, атап айтқанда, интеллектуалдық-философиялық, психологиялық, этнографиялық, көркемдік, әлеуметтік құндылықтар жүйесінде сөздің магиялық қасиеттері де қосарлана өмір сүреді.