Сөз магиясы - қазақ халқының тоқсан тоғыз тарау тұрмыс- тіршілігінде, дүниетанымында,
яғни, түйсік, қабылдау, елес, қиял, зейін, ойлау, сөйлеу, мақсаткерлік іс-әрекеттерімен, тұтастай жарасым тапқан айрықша бір көркем көрінісі.
Ұлттық санада, атап айтқада, интеллектуалдық- философиялық, психологиялық, этнографиялық,
көркемдік, әлеуметтік құндылықтар жүйесінде сөздің магиялық қасиеттері де қосарлана өмір сүреді.
Абай "Білімдіден аяман сөздің майын" немесе "Жалын мен оттан жаралған, Сөзді ұғатын қайсың бар" дегенде сөздің керемет бір сырларын, магиялық әсерін меңзегендей. Тегінде, әлем, табиғат, жаратылыс - құбылып құлпырған, бояулар мен мыңдаған дыбыстардан, яғни, гармониялық үйлесімділіктерден тұрады.