Қазақтың «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мақалды күнде естісек те, байыбына бара бермейміз. Бір сәтсіздікке ұшырай қалсақ, өмірден түңіліп, дүниеде бардың бірін қалдырмай тілдеп отырғанымыз содан соң… Әсіресе қазіргі әлеуметтік желілердегі пікірлерді оқысаң денең түршігіп, шашың тік тұрады. Ондағы ақпарат жайлы толық білсе де, білмесе де тілдеп, ғайбаттап, сын-пікірлерін білдіріп жатқаны. Сөз деген – киелі нәрсе, жаман сөздің өзіңе қайтып келмесіне кім кепіл?!