Бірқатар жазушылар кейбір көне сөздер мен сирек қол-данылатын сөздердің немесе этнографизмдердің мағынасын жете түсінбей, орынсыз жұмсайды. Мысалы, сұрқылтай – көне түркі-монғол тілдеріңде (мүмкін, тек монғол тілінде) «кеңесші» деген сияқты билеушінің (айталық, ханның) жа-нында болатын сановниктің лауазымы. Сөздің бұл мағынасы қазақтың «әр ханның тұсында – бір сұрқылтай» деген мәтелінде сақталған. Бұл мәтелдің мәнісі – «әр ханның өз кеңесшісі, өз ақылшысы болады, соған орай әр ханның ұстайтын са-ясаты, жүргізетін билігі әртүрлі болып келеді» дегенді білдіреді
Мысалы, жазушы Қ.Ысқақов мәтелді өзгертіп «әр заманға – бір сұрқылтай» деп қолданса, Д.Досжанов «осы бір сұрқылтай оқиға» деп, сөзді зат есімдік қасиетінен айырып, сын есім қызметінде жұмсайды. Контекске қарағанда, жағымсыз мәндегі сын-сипатты білдіру үшін қолданған сияқты. .