Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Лексиканың зерттелуі 1990 жылдардан бастап - Coggle Diagram
Лексиканың зерттелуі
1990 жылдардан бастап
1.Жалпы лексика.
Берікбай Сағындықұлы
Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері
Кітапта қазақ тілі лексикасының ішкі даму
заңдылықтары өзге түркі елдері мен көне түркі жазба ескерткіштерінің материалдары негізінде жан-жақты баяндалған
Алтын Орда жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы
2.Семантика.М.Оразов "Қазақ тілінің семантикасы" (1991)
1)Сөз-лексикалық бірлік.
Бұл тарауда сөзге жан-жақты анықтама беріліп, оның дыбыстық ерекшеліктері туралы айтылады. «Сөз мағына мен дыбыстың бірлігі» деген анықтаманы жан-жақты таратып толықтырып жазады.
2)Лексикалық мағынаның құрылысы.
Бұл тарауда сөз мағынасы деген не? Оның ұғыммен байланысына тоқталады. Мағынаны сөздің не ұғымның компоненті деп емес жеке категория деп қарастырады.
Семантикалық үшбұрыш-сөз мағынасының құрылымдық элементтерін анықтау үшін Огден мен Ричардстың үшбұрышын түсіндіреді . А-сөздердің дыбысталуы, В-ұғым, Д- обьективті дүниедегі затты, денотатты көрсетеді дейді. Осыдан кейін мағынаның құрылымына қарай бөледі.
Сейдін Бейзақ."Тілдік норма және вариантттылық (1994).Осы еңбектің арқасында қазіргі таңдағы сөз вариаттарының төмендегі түрлері анықталған
3.Ономастика
Әбілбек Нұрмағамбетұлының «Жер-судың аты, тарихтың хаты» еңбегі.
Автор бұл еңбегінде қазақ топономикасының этимологиясын барынша зерттеп жазып шығады. Мақсатының күнделікті мағынасына мән бермей, жаттанды қолданылып жүрген жер-су аттарының шығуын түсіндіру.
Мысалы: Бақанас көлі мен Қапшағай қаласының шығу төркіні:
Бақанас-Іле өзенінің бір саласы,Алакөлге жетпей құмға сіңіп кететін көл атауы. Негізгі шығу тегі-монгол тіліндегі «Богино»-«ус»- келте су.
Тарихи этимология мәселесі. Рабиға Сыздық
1) Төл сөздер мен кірме сөздердің шығу және қалыптасу тарихы
2) Этимология
3) Семасиология
4) Ономасиология
5) Сөздің алғашқы мағынасының ұмытылуы, ауысуы тарылуы, кеңеюі
5) Лексикология т.б мәселелер
4.Лексикография. Малбақова М.М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері
Алматы, 2002
Зерттеуші М.Малбақов: «Лексикографияның теориясы сөздік түзу тәжірибесін қорытып, жүйеге салады, сөздіктердің тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрларын жетілдірудің теориялык мүмкіндіктерін зерттейді. Сөздіктерді түзудің ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін жасайды. Лек- сикографияның теориясындағы өзекті мәселе сөзтізбенің құрамы мен сөздік мақаланың құры- лымы туралы, сөздіктердің типтері туралы ілім» деп анықтама береді.
5.Фразеология. Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І.Кеңесбаев көрсеткен барлық бағытта жүріп жатыр. Олар мынандай бағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрлымы, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді жеке автордың қолдануы т.б
Осы кезеңнің басты ерекшеліктері
Терминологияның дамуы: Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілінің терминологиясы қарқынды дамыды. Мемлекеттік терминология комиссиясы 1990 жылы 79 терминнің 58-ін таза қазақ тілінде қабылдады, бұл қазақ тілінде термин жасаудың белсенділігін көрсетеді.
Жаңа сөздердің қалыптасуы: 1991 жылдан бастап қазақ тіл білімінде жаңа сөздер мен терминдерді қалыптастыру мәселелері біртұтас қарастырыла бастады. Бұл кезеңде жаңа атаулардың жүйеленуі, ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуы және термин шығармашылығының әртүрлі қырлары зерттелді.
Сөзжасамның дербес пән ретінде оқытылуы: 1990 жылдан бастап сөзжасам қазақ тілі мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқу жоспарына енгізілді. Бұл сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы ретінде танылғанын көрсетеді.
Лексикографияның дамуы: Оқу лексикографиясы саласында қазақ тілінің лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу сөздіктерін жасаудың ғылыми-теориялық негіздері зерттелді. Бұл бағыттағы зерттеулер қазақ теоретикалық лексикографиясында маңызды мәселеге айналды.
Антропоөзекті лингвистика
Антропоөзекті лингвистика – тіл біліміндегі антропоөзектік (адамға бағытталған) парадигмаға негізделген бағыт. Бұл парадигма ХХІ ғасырда пайда болып, тілді құрылымдық және жүйелік парадигмалармен қатар, ұлттың рухани-мәдени коды ретінде қарастырады.
Нені қарастырады?
Тіл мен адам арасындағы байланыс: Тілді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра зерттейді.
Тілдің қызметі: Тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдіру құралы емес, ұлттың рухани, мәдени коды ретінде қарастырады.
Тілдік факторлардың адамға әсері: Адамның тілге қалай ықпал жасайтынын және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қандай әсер ететінін анықтауға тырысады.