XIII ғасырдың бастарында басталған араб шапқыншылығы
нәтижесiнде Орталық Азияның гүлденiп тұрған ғылым ордалары
ойрандалған, мәдени өмiрi қираған. Мiне, осы аласапыранда
үздiк әдеби мұраларымыз, тарихи шығармаларымыз жойылып
кеттi. Бiз қазiргi заманда елiмiздiң мыңдаған жылдық тарихын,
толығымен жойылып кеткен кейбiр әдеби шығармаларымыздың
(«Томирис», «Шырақ», «Зарина мен Стриангрия», «Зариадр мен
Одатида» дастандары) iздерiн антикалық заманда өмiр сүрген
грек-рим тарихшыларының (Геродот, Полиэн, Диодор, Ктезий,
Харес) шығармаларынан табамыз.