Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Психология ғылымына кіріспе - Coggle Diagram
Психология ғылымына кіріспе
Психология (гр. – жан туралы ілім) - бұл адамдар мен жануарлардың мінез-құлқы мен психикалық процестерін зерттейтін ғылым.
Дамудың негізгі кезеңдері
I кезең
(ғылыми кезеңге дейін — б. з. д. VII-VI ғғ.) - психологияны жан туралы ғылым ретінде зерттеу (Аристотель);
II кезең
(XVII ғасырдың басы) — психологияны сана ғылымы ретінде зерттеу. (Рене Декарт, Б.Спиноза, Д. Локк).
III кезең
(ХХ ғасырдың басы) - психологияны мінез-құлық ғылымы ретінде зерттеумен сипатталады. Осы кезеңдегі психологияның негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін және реакциясын бақылау. (Д. Уотсон, У. Хантер, К. Лешли, Б. Скиннер, Э. Торндайк, Э. Толмен);
IV кезең
- бұл кезең психологияның психиканың объективті заңдылықтарын, олардың көріністері мен механизмдерін зерттейтін ғылым ретінде қалыптасуын сипаттайды. 1879 жылы Германияда алғашқы психологиялық эксперименттік зертхана ашылды (В.Вундт).
"Ашық дағдарыс" кезеңі (XX ғасырдың 10-30 жж.)
Гештальтпсихология
– тұтастық феномен өрісі (М. Вертгеймер, В.Келер, К. Коффка
Бихевиоризм
– мінез-құлық (Э. Торндайк, Б.Ф. Скиннер, Дж. Уотсон)
Психоанализ
– бейсаналық процестер (З. Фрейд)
Мәдени-тарихи психология
– жоғары психикалық процестер (Л.С. Выготский)
Психологияның қазіргі даму кезеңі (60-жылдарға дейін)
Гуманистік психология
- өзін-өзі тану (А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт).
Когнитивтік психология
- танымдық процестер (Ж. Пиаже, В.П. Зинченко)
Психологияға қатысты зерттеулер қазақ ғалымдары Ш. Əлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ə. Сыдықов, Т. Т. Тəжібаев, А. Темірбеков жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде жариялана бастады.
Психология ғылымының анықтамалары
Психология- саналы және бейсаналы әрекеттер туралы ғылым (Зигмунд Фрейд)
Психология - мінез-құлық туралы ғылым (бихевиоризм, Уотсон, Торндайк)
Психология- сана туралы ғылым (Вильгельм Вундт)
Зерттеу обьектісі
Психикалық құбылыстардың пайда болу, қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейді.
Пәні
психика, психикалық құбылыстар
Психика:
Обьективті дүниенің субьективті бейнесі
Жүйке жүйесінің қызмет ету қасиеті
Адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі
Психиканың даму деңгейлері
Психиканың сенсорлы даму деңгейі
Психиканың перцептивті даму деңгейі
Психикалық интеллектуалды даму дейгейі
Негізгі міндеті
психикалық құбылыстар мен процестердің қалыптасу, даму және көріну ерекшеліктерін зерттеу
Психологияның теориялық және практикалық міндеттері
Адамның жан дүниесінде болып жатқанын құбылысты сипаттау
Адамның жан дүниесінде болып жатқан құбылысты түсіндіру
Адамның жан дүниесінде болып жатқан құбылысты бақылау
Мінез-құлықты болжау
Заманауи психологияның салалары
Іс-әрекет сипаты бойынша:
Еңбек психологиясы
Педагогикалық психология
Медициналық психология
Заң психологиясы
Әскери психология
Спорт психологиясы
және т. б.
Даму бойынша:
Жас ерекшеліктер психологиясы
Салыстырмалы психология
Балалар психологиясы
Арнайы психология
және т. б.
Тұлға мен қоғамның қарым-қатынас қағидасы бойынша:
Әлеуметтік психология
Тұлға психологиясы
Қарым-қатынас психологиясы
және т. б.
Қазіргі психология және оның салалары
1) Жалпы психология
2) психологияның арнайы салалары:
іргелі (әлеуметтік психология, даму психологиясы, нейропсихология, клиникалық психология, зоопсихология, дифференциалды психология және т. б.)
пәнаралық (психогенетика, психофизиология, психолингвистика және т.)
3) психологияның қолданбалы салалары (спорт психологиясы, жарнама психологиясы, басқару психологиясы, ғарыштық психология, заң психологиясы, педагогикалық психологиясы, саяси психологиясы, өнер психологиясы, еңбек психологиясы және т.б.).
Психология әдістері – психиканы танып-білудің әдістері мен құралдары