Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ - Coggle Diagram
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Географиялық қабық дегеніміз литосферанын жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі жоне гидросфера мен биосферанын өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені Географиялық қабыктын кұрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтары бар.
Географиялык қабықтың аса маңызды жалпы заңдылықтарына онын. зат және қуат алмасуы, тұтастығы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады.
Тұтастылық заңы
Барлық табиғи компоненттер (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера) бір-бірімен байланысты.
Бір компоненттегі өзгеріс басқаларына әсер етеді.
Мысалы: Ормандарды кесу → Климаттың өзгеруі → Топырақтың құнарсыздануы.
зоналық заңы
Климаттық белдеулер мен табиғи зоналар арасындағы байланыс.
Ендік бағытта табиғи зоналардың таралуы.
Мысалы: Экватордан полюстерге қарай – экваторлық ормандар → саванналар → шөлдер → қоңыржай ормандар → тундра.
Циклдік (ырғақтылық) заңы
Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің өзгеруі.
Геологиялық, климаттық өзгерістердің кезеңділігі.
Табиғатта маусымдық және ұзақ мерзімді өзгерістердің қайталануы
Тарихилық заңы
Адамның табиғатқа әсері.
Материктер мен мұхиттардың қалыптасуы, климаттың өзгеруі.
Географиялық қабықтың үздіксіз дамуы
Зат алмасуы
Зат алмасуы экосистема ішінде маңызды рөл атқарады, онда элементтер мен қосылыстар қайта өңделеді.
Табиғи ортада заттардың үздіксіз айналымы.
Мысал: Оттегі мен көмірқышқыл газының алмасуы, су айналымы.
Қуат алмасуы
Мысал: Өсімдіктер күн сәулесін химиялық қуатқа айналдырады (фотосинтез). Жануарлар бұл қуатты қабылдап, оны тіршілік әрекетіне жұмсайды.
Қуаттың негізгі көзі – Күн, бірақ энергияның басқа түрлері де маңызды.
Күн энергиясы биосфераға енеді, ол өсімдіктер мен жануарлар арқылы беріледі.
Биогеохимиялық циклдер
Мысал: Азот, көміртегі және су циклдары.
Заттардың табиғи ортада үнемі алмасуы мен қайта өңделуі.
Бұл циклдер энергияның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Адамның әсері
Мысал: Қалдықтар мен парниктік газдардың көбеюі.
Ластану, экологиялық дағдарыстар зат алмасуын бұзуы мүмкін
Адамзаттың табиғи жүйелерге әсері зат және қуат алмасуын өзгертеді.