Шыққан жері Үндіқытай, Қытай, Жапония.Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі. Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша — желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60 — 80 г, түрі қою сарғыш, дөңгелектеу. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы, т.б. бар. Көшеті отырғызылғаннан кейін 3 — 4-жылда жеміс бере бастайды.
Мандарин — бұл цитрус тұқымдасына жататын жеміс, апельсиннің бір түрі. Оның дәмі тәтті және қышқылдық деңгейі төмен, қабығы жұқа әрі оңай тазаланады. Мандариндер әдетте жаңа піскен күйде тұтынылады, бірақ олардан шырын, тосап немесе десерттер жасауға да болады. Бұл жеміс С витаминіне бай, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы антиоксиданттар мен талшықтармен де қаныққан.
Мандарин гибридтері танжело (мандарин х грейпфрут), тангор (мандарин х апельсин), ичандарин (ичанг х Сатсума мандарині) деп аталады. Сатсума - шемешкісіз мандарин сорты.