Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Оқушы оқу іс-әрекетінің субъектісі - Coggle Diagram
Оқушы оқу іс-әрекетінің субъектісі
Оқушы және оқу іс-әрекеті
Оқушының оқу іс-әрекетіндегі рөлі
Оқу іс-әрекеті -оқытушы мне оқушының бірлескен іс-әрекеті. Негізгі мақсаты-білім алушылардың тұлғалық және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ету.
Оқушының субъектілік сипаттамалары: мотивация, мақсат қою, танымдық белсенділігі және жауапкершілігі.
Оқу іс-әрекетінің компоненттері мен құндылықтары-оқушының жеке белсенділігі
Оқытудағы танымдық процестер: түйсік, зейін, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, қиял
Оқушының жас ерекшеліктері
Мектепке дейінгі кезең 3-6 жас:
Бұл кезең баланың танымдық әрекетінің ойын арқылы дамитын кезеңі.
Ерекшеліктері: зейін тұрақсыздығы;
Қиял мен елестету қабілеті қарқынды дамиды;
Әлеуметтік қарым-қатынасқа бейімделеді.
Бастауыш сынып 6-10 жас Ерекшеліктері: бейнелі ойлауға, көрнекі ақпаратты жақсы қабылдайды. Зейін тұрақсыз, бірақ қимыл-қозғалысқа қажеттілік жоғары.
Жасөспірімдік кезең 11-15 жас. Бұл кезеңде баланың физиологиялық және психологиялық дамуы қарқынды жүреді, дербестік пен сын ойлау қабілеттері қалыптасады.
Жоғары сынып оқушылары 11-18 жас. Бұл кезеңде оқушылардың кәсіби бағдар алуға және өзіндік жеке мақсаттарын қалыптастыруға деген қажеттігі артады.
Тұлғалық даму
Мінез. Оқушының мінезі оның эмоционалдық тұрақтылығын, қарым-қатынас стилін және өзін-өзі ұстауын сипаттайды. Мінез ерекшеліктерін ескеру оқушыға тиімді тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Темперамент-оқушының оқу қарқынына, белсенділігіне және ақпаратты қабылдау ерекшелігіне әсер ететін жеке қасиет. Ол оның оқу-тәрбиелік әрекетін ұйымдастыруда ескерілуі тиіс.
Қабілет-оқушының оқу және шығармашылық әрекеттерді табысты орындауға бейімділігі. Мұғалім оны дамыту үшін жеке жұмыс пен қолдау көрсетуі қажет.
Дамыта оқыту жүйесі
Дамыта оқыту-оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру жүйесі.
Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давдов еңбектері Л.С.Выготскийдің "әлеуметтік оқыту теориясы" оқушының дамуын әлеуметтік өзара әрекет арқылы түсіндіреді.
Оқушының шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыру
Мотивация
Ішкі мотивация-адамның өзін-өзі тануы, дамуы және жеке мақсаттарына негізделеді. Бұл ұзақ мерзімді нәтиже береді.
Өзін-өзі дамыту
2.Қызығушылық пен ынта
Тәуелсіздік
Өзін-өзі растау
Шығармашылық пен инновация
Сыртқы мотивация-адамға сыртқы факторлардың әсері арқылы қалыптасады. Бұл түрдегі мотивация қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы мүмкін.
Бағалау және марапаттау
Мұғалімнің қолдауы
3.Әлеуметтік мойындау
Жарысу және бәсекелестік
Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы
Мұғалім рөлі
Бағыттаушы рөл
Кеңесші рөл
Мотивациялаушы рөл
Шығармашылық бағыттаушы
Әлеуметтік қарым-қатынас оқушылардың тұлғалық дамуына, білім алуына және мектеп өміріндегі белсенділігіне маңызды әсер етеді. Бұл қарым-қатынастар оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру, топ ішінде өзара әрекеттесу және әлеуметтік дағдыларды дамытуда шешуші рөл атқарады.
Оқушылардың бір-біріне қолдау көрсету атмосферасы олардың өз-өзіне сенімін арттырып, оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.
Топтық жұымстар арқылы коммуникативті дағдыларды дамыту. Топтық жұмыстар оқушылардың өзара пікір алмасуы, бір-бірін тыңдауы және бірлескен шешім қабылдауы үшін тиімді алаң ұсынады.