Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Химияның негізгі түсініктері - Coggle Diagram
Химияның негізгі түсініктері
Молекула
ол берілген элементтің химиялық қасиеті болатын сол заттың ең кішкентай бөлшегі. Молекуланның химиялық қасиеті оның құрамымен және химиялық құрылысымен анықталынады.
Атом
ол жай және күрделі заттар молекуласының құрамына енетін химиялық элементтің ең кішкентай электрбейтарапты бөлшегі, ол оң зарядталған ядродан және теріс зарядталған электрондардан тұрады
химиялық элемент
Ядро зарядтары бірдей болып келетін атомдар жиынтығының белгілі бір түрі
массаның атомдық бірлігі (м.а.б.),
ол 12С көміртек изотопы массасының 1/12 бөлігі болып келеді.
Атомдық масса
ол массаның атомдық бірлігінде өрнектелген, химиялық элемент атомы массасының орташа мәні.
Элементтің салыстырмалық атомдық массасы
ол сан, оның көрсететіні, көміртек атомының абсолюттік массасының 1/12 бөлігінен берілген элемент атомының абсолюттік массасы қанша есе үлкен болатындығы, яғни массаның атомдық бірлігі. Ол Ar таңбасымен белгіленеді
Молекулалық масса
ол массаның атомдық бірлігінде өрнектелген, молекуланың массасы. Ол молекуланың өзі құралып тұрған, барлық атомдар массасының қосындысына тең.
Салыстырмалы молекулалық масса
ол массаның атомдық бірлігіне молекуланың орташа массасының қатынасы. Бұл шама өлшемсіз және Mr таңбасымен белгіленеді
Заттың саны
ол заттың құрылымдық бөлшектерінің (атомдардың молекулалардың...) санымен анықталады. Заттың саны латын n әрпімен немесе гректің (ню) әрпімен белгіленеді. Зат санының өлшемі моль.
n=N/N_A
n=m/M
N=NA•m/M