Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
А.Байтұрсынұлы- қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушы - Coggle…
А.Байтұрсынұлы- қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушы
А. Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын.
Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын.
А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын.
Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген.
А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды.
А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз . Жазудың тарихына көз жіберсек , әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз .
Ахмет Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің заңдылықтарына бейімдей отырып,тұңғыш әліпбиін жасады.Себебі,әркімнің тіліне еріп,адасып жүрген жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді.
Ахмет екі сөзден тұратын сөйлеммен жаттығулар беріп,оларды түрлендіріп,тіпті жаңылтпашқа айналдыру сияқты тапсырмалар арқылы бала тілін дамытудың түрлі әдістерін қолданған.Олар күрделене келе мәтіндерге айналған.
Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген.
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді.
Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы.
Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды.
Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика саласындағы бұл ғылыми еңбектерін кезінде Орта Азия,бүкіл түрік әлемі мойындап,қолдап және Ахаңның лингвистика саласындағы зор жетістіктерін өздерінің грамматикасында пайдаланды.
Әліпби – тек сауат ашу ғана емес,ғылым-білім үйренудің баспалдағы.Мұхтар Әуезовше айтсақ, Ақаң ашқан қазақ мектебінің ұстанымы қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай,оның танымдық талғамын қазақша қалыптастыру болған.
Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту мәселесі арнайы сөз барысында,оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге арнайы бірнеше жұмыстарды жүргізгені байқалды. Ә.Садуақасовтың: «Адамды бір-бірімен қоғамдастыратын басты құрал –тіл болып табылады» -, деген.
Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -– сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.