Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Адамның қан айналым жүйесі - Coggle Diagram
Адамның қан айналым жүйесі
Қанайналымның қызметі
тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);
терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);
қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);
гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау)
Қан тамырлары:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға,
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.
Жүрек
Жүрек - Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы
қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді.
Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан
Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан.
Адамда 2 жүрекше және 2 қарынша бар
Қанайналым шеңберлері
Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі
Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі
Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады.Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады.