Ақынның ұлтым, елім деп еңрегені үшін оны кінәлі деп, халық жауы деп санап, тар, қара көлеңке басқан темір тордың артында ұстауы бұл асқан озбырлық, зорлық, қанаушылық.Осы сәтте өлең оқи отырып, ақынның ағарып атар күн деп аңсағаны, көркейер алаш деп сенгені, озбырлардың, қанаушылардың жазасын алып, бостандықтың, тәуелсіздіктің орнығуына көзі жеткеніне куә боласыз. Ақынның сенімі, үміті ақталғанына қуанасыз, онымен бөлісуді қалайсыз. Бірақ ақынның орынсыз орында болған торға, қапасқа, сондағы әскерлерге, сол кездің ұсқынсыз, қатыгез саясатына шексіз ашу бойыңызды торлайды. Дегенмен ақын күткен болашағы шындық екені сізді іштей қуантады. Осы бейбіт өмірдің қадіріне жетіп, жүректің Отаным, елім деп соғуына түрткі болады.