Арнайы педагогиканың даму кезеңдері
click to edit
- Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең. Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кеміс балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғылымның даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжірибесіне лайық жүреді. Арнайы білім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі және сапалы құрылып, қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықталады. Антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі кеміс тұлғалардың дамуын зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңдерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н.Н. Малофеев қоғамның кеміс тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен. Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғаммен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым –қатынас өте төмен дәрежеде болды.Ол кезде оларды азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды. Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды. Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіндігі жоқ тұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды. Ежелгі Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кепірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру 4-5 ғасырды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған. Ал ежелгі Грек елінің ұлы филослфы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты»-жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік»-деп тұжырымдады. Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сенушілер алып келді.Олар діни сезімталдықпен жан ашу қасиетін енгізді.Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде емес, ол әр бір христианның міндеті болып жарияланды. Қамқсоколықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. 1.Қамқорлықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. ХІІ ғ. мен ХVІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кеміс тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды.Реннесанс мәдениеті(қайта өрлеу дәуірі) мен Ұлы Реформация (Ұлы шіркеу төңкерілісі) ақыл-ойымен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекетпен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннесанс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлері еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктерін өзгертті, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарасты өзгертуіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді. Орта ғасырлар кезінде батыс еуропалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістікті ата-аналарының кінәләрі үшін жіберілген деген. Олармен қарым-қатынасқа түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс емес сиқыршылар деп ойлаған. Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалға, Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған: «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздықпен жындылықтан құтылу үшін». Ян Амос Коменский бұл сөздерінен аномальды балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. ХІІ ғасырдан ХVІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кеміс балалар мен
- Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең. Бұл кезеңнің басында естімейтіндермен көрмейтіндер үшін арнайы мекемелер ашылып, соңында Батыс Еуропа мемлекеттерінде жалпыға бірдей міндетті білім беру туралы, кейіннен сенсорикалық кемістіктері бар және ақыл-ойы кеміс балаларға таралған, заңды актілер қабылданды. Үшінші кезең кеміс балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп, олардың құқықтарына назар аударылумен ерекшеленеді.Ең маңыздысы кеміс тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін заңды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі. 1817 ж – Дания – естімейтіндерді міндетті түрде оқыту туралы акт; 1873 ж – Саксония – көзі көрмейтіндерді, естімейтіндерді және ақыл-ойы кем балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылданды; 1881 ж – Норвегия – естімейтіндерді оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылданды; 1882 ж – Норвегия — ақыл-ойы кем балаларды оқыту туралы Заң; 1884 ж – Пруссия – көмекші сыныптардан жағымсыз жанұядан шыққан балаларды шығару туралы өкім. 1887 ж – Швеция – кедей және ақыл-ойы кем балаларға бастауыш білім туралы Заң; 1889 ж – Швеция – естімейтін балаларға 8 жылдық білім беру туралы Заң; 1892 ж – Пруссия – көмекші мектептер санын кеңейтудің қажеттілігі туралы Заң; 1893 ж – Великобритания – естімейтін, мүлдем естімейтін балаларға бастауыш білім туралы Заң; 1896 ж – Швеция — естімейтін балаларды міндетті түрде оқыту туралы Заң; 1899 ж – Великобритания ақыл-ойы кем балаларды оқыту туралы Заң; 1990 ж – Пруссия — көзі көрмейтіндерді, мүлдем естімейтіндерді және ақыл-ойы кем балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң; 1914 ж – Бельгия – көмекші мектептерді ұйымдастыру туралы Заң; 1920 ж – Нидерланды — ақыл-ойы кем, көзі көрмейтін, естімейтін және нашар еститін балалаларға білім беру туралы қағида.
click to edit
click to edit
click to edit
click to edit
Ұлы қазан төңкерісінен кейінгі уақыт. Қазақстанда ауытқуы бар балалардың көбеюі. Азамат соғысы, ашаршылық, эпидемия және т. б. айғақты себептердің соның ішінде: жеткілікті жағдайда мектептер жүйесі, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде кемістігі бар балалар, бұзақылар, қайыршылар көбейіп кетті.
Бұл мәселелерді шешу, яғни ауытқушылығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі Қазақстанда бұл бағытта жұмыс істеу тәжірибесі болмаған. төңкеріске дейін Қазақстанда ауытқуы бар балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы тұлғалардың ауытқуы бар балалардың проблемасына көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды. Ауытқуы бар балаларға жеке ұйымдастырылған көмек түрлері болды. Кемістігі бар балаларды және ересектерді оқыту және тәрбиелеу тәжірибесі есепке алынған жоқ.
Қазақстанда ғылыммен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді данышпандары Ж. Аймауытов, А. байтұрсынов, М. жұмабаев, т. б. мүмкіндік туғызды.
Қазақстанда ауытқушылықтың алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. бұл конференцияда ең бірінші рет дамуында ауытқуы бар балаларға арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру проблемалары, оларды оқыту, тәрбие беретін мекемелерден ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстары бойынша мәселелер қарастырылды.
Конференцияда шешілетін сұрақтар арнайы білім беру жүйесін әзірлеуде дұрыс жолда екенін көрсетті. Балалар мен жеткіншектердің еңбек қызметінің негізінде тәрбие үрдісін құрастыру, бөлек, ажырата, білім беруге байланысты сұрақтар өз уақытында және дұрыс көтеріліп отырды.
Балалардың ауытқуына байланысты күрес балалар арасындағы қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен қатар жүреді. мекемелердің көп түрі: балалар үйі, панасыз балаларға арналған коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру түзету пунктері ашылды. ал ауытқуы бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелер біздің Республикамызда баяу дамыды.
1921 жылы Орынборда ең алғаш рет ақыл-ойы кем және естімейтін-сөйлемейтін тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды. олар ауытқуы бар балаларға қажет мекемелермен қамтамасыз ете алмаса да, дегенмен бұл Республикада арнайы білім беру жүйесі дамуының маңызды бөлігі болып табылады. 1922 жылы Ақмола губерниясында ауытқуы бар балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылы 1-шілдесінде 169 адамнан тұратын ауытқуы бар балаларға арналған бар жоғы 5 балалар үйі жұмыс істеді. Сол уақытта көптеген ауытқуы бар балалар жалпы типтегі мекемелерде қала берді.
1946-1970 жылдар біздің Республикамызда ауытқуы бар балаларға арналған алғашқы сапалы арнайы мектептердің құрылу жылдары болды, себебі арнайы мекемелер жүйесінің кеңеюімен бірге дамуында әр түрлі кемістігі бар балаларға арналған мектептердің тереңдетілуімен кемістіктің түріне сәйкес бөліп оқыту мәселелері шешіліп, ауытқуы бар балаларды қоғамда өмір сүруі мен еңбекке даярлау, оқыту мазмұнын әзірлеу жолдарын іздестірді.
1945-1946 оқу жылдарында арнайы мектептер жүйесі: көмекші мектеп интернаты - 1, көрмейтін балаларға арналған мектеп интернаты - 1, естімейтін балаларға арналған мектеп интернаттар - 3. Бірақ соғыстан кейінгі жылдарда ауытқуы бар балаларға арналған оқыту - тәрбие беру жүйесі кеңейтілді. дене және ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арнайы білім берумен оларды есепке алу сол уақытта ең өзекті мәселенің бірі болды. 1949-1950 оқу жылдарында шамамен 900-ден аса мектеп жасындағы ауытқуы бар балалар анықталған.
1953-1954 оқу жылдарында барлық кемістігі бар балаларға арнайы білім беруді қамтамасыздандыру мәселесі қарнастырылды. Бірақ арнайы мекемелер жүйесін кеңейтуге арналған шаралар жүргізілседе ауытқуы бар балаларды мекемеге қабылдау жоспары орындалған жоқ. оның негізгі себебі қажетті ғимараттардың болмауы. алматы, Семей, Шымкент, Қарағанды қалаларында 7 мектеп-интернаттың ғимараты мен 75-100 естімейтін балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы мекемелер салу жоспарланған.
Сол бағытта басталған жұмыстар бірінші күннен нәтижесін көрсетті.1958-1966 жылдары көмекші мектептер саны 2-ден 21-ге дейін өсті. 1960 жылдың қазан айында Кеңес Министрлігі «Ақыл-ойы кем, естімейтін, көрмейтін балаларға арналған мектептер жұмысы мен жағдайын жақсарту туралы» жарлық шығарды.1956-1960 жылы Республикада мектеп жасындағы 1190 ақыл-ойы кем бала, 620 естімейтін 209 көрмейтін бала білім алуан қалды.
арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.
Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдау көрсеткендей, өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар өткізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі Республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдаспаған.
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Москва, Ленинградтағы педагогикалық институттарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлінген.
Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастаған. 1976-1977 жылы бөлім, кейін дефектология факультеті қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. КазПИ - дің дефектология факультетінін ашуға белсенді қатысып, дамуына еңбектерін аямаған озат дефектолог-ғалымдар: Намазбаева Ж. и., Сүлейменова Р. а., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ. ж., Буфетов Н. м. т. б.
Дефектология ғылымының дамуы Ж. и Намазбаеваның кеміс баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары ақыл-ойы кем балалардың өзін-өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, 1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында дәлелденген.
80-ші жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары көптеген нәтижелер көрсетті. Нақты М. ш. Адилова кіші мектеп жасындағы ПДТ балалардың психомоторикалық ерекшеліктерін зерттеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикалық маңызы зор.
арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.
Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдау көрсеткендей, өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар өткізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі Республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдаспаған.
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Москва, Ленинградтағы педагогикалық институттарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлінген.
Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастаған. 1976-1977 жылы бөлім, кейін дефектология факультеті қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. КазПИ - дің дефектология факультетінін ашуға белсенді қатысып, дамуына еңбектерін аямаған озат дефектолог-ғалымдар: Намазбаева Ж. и., Сүлейменова Р. а., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ. ж., Буфетов Н. м. т. б.
Дефектология ғылымының дамуы Ж. и Намазбаеваның кеміс баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары ақыл-ойы кем балалардың өзін-өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, 1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында дәлелденген.
80-ші жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары көптеген нәтижелер көрсетті. Нақты М. ш. Адилова кіші мектеп жасындағы ПДТ балалардың психомоторикалық ерекшеліктерін зерттеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикалық маңызы зор.