Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Балалардың мектепке дайындығын зерттеу. - Coggle Diagram
Балалардың мектепке дайындығын зерттеу.
Оқушыларды ерте дамыту.
Мектепке дейінгі білім беруді қоса алғанда, баланы ерте дамыту оның оқу процесі мен жетістікке жетуіне әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Халықаралық зерттеулердің нәтижелерін талдау балабақшаға бару оқушылардың жетістіктеріне оң әсер ететінін көрсетеді.
Мысалы, TIMSS 2015 зерттеуінде ата-аналары үйде қосымша сабақтар өткізуге жеткілікті уақыт бөлген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барған оқушылар білім сапасы бойынша өз қатарластарынан едәуір озатынын анықтады.
МДҰ-ға бармаған және үйде дайындықтан өтпеген оқушылар 30 астам балға артта қалады. Hattie (2009) оқушылардың жетістіктеріне әсер ететін факторларды метаталдау синтезінде баланы ерте дамытудың пайдасы IQ, ұсақ моторика, тілдік құзыреттер және баланың оқу жетістіктері сияқты бірқатар айнымалыларда байқалатынын атап өтті.
Автор Goldring және Presbrey (1986) жұмысының нәтижелерін мысал ретінде келтіреді, олар осал отбасылардан шыққан балаларға арналған даму бағдарламаларын метаталдау нәтижелері бойынша бағдарламаның немесе куррикулумның ұзақтығындағы айырмашылықтарға қарамастан, мектепке дейінгі білім беру оң нәтиже беретінін дәлелдеді. Jones (2002, Hattie келтірілгендей, 2009) күндізгі балабақшаларға бару баланың бастауыш мектептегі оқу үлгеріміне едәуір әсер ететінін анықтады.
Nelson және т.б. (2003) мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары, егер оқушылар оларға кем дегенде бір жыл қатысса, үлкен әсер ететінін атап өтті. Бұл қазақстандық оқушылардың ХСЗ нәтижелеріне сәйкес келеді.
Осылайша, TIMSS 2015 нәтижелері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барған оқушылар білім сапасы бойынша өз қатарластарынан едәуір озатынын көрсетеді.
Бұл ретте, балабақшаға 3 жыл немесе одан да көп уақыт бойы барған оқушылар, балабақшаға 3 жылдан аз уақыт бойы барған оқушыларға қарағанда, 4-сыныпта математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша едәуір жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Hattie (2009) түйіндеме жасап, тәжірибеге ашықтық, оқуға инвестиция салу ниеті, зияткерлік құмарлық сияқты жеке тұлғаның анағұрлым қызықты және маңызды сипаттамаларының негіздері мектепке дейінгі ұйымдарда дағдыландырылады, кейінірек олар мектептерде дамиды.
Балалар алдында дұрыс міндеттер қою және олардың жетістікке жетуінің жұмсаған күш-жігеріне тәуелділігін қамтамасыз ету оқушыларда өзін-өзі бағалау сезімін дамытады және қатарластарының арасында оң беделге ие болуын қамтамасыз етеді.
Автордың пікірінше, жетістікке жету деп осыны айтады. Бұндай жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу оқу нәтижелеріне едәуір әсер етуі мүмкін (Hattie, 2009, 60-б.)
Мектеп сипаттамалары.
Мектепке тәуелді емес себептерден басқа, оқушылар оқу үлгерімінің сапасы мен жетістіктеріне әсер ететін негізгі фактор мектептің өзі болып саналады. Бұл ретте, мектеп оқыту сапасы, мектептің инфрақұрылымы мен ресурстары, оқушылар контингенті және т.б. сияқты бірқатар ішкі аспектілерді біріктіреді.
Мұғалімдердің педагогикалық дайындығы мен мамандануы туралы сұрақтар ХСЗ-ге үнемі енгізіліп отырады және қорытынды рейтингтік кестелерде тестілеу нәтижелерімен арақатынас тұрғысынан салыстырылады. Оқыту сапасының оқушылардың жетістіктеріне әсерінің өзі кеңінен зерттелді және дәлелденді: «білім беру жүйесінің сапасы онда жұмыс істейтін мұғалімдердің сапасынан аспауы керек» (OECD, 2014).
Сондықтан, бұнда біз мектептің оқушылардың жетістіктеріне әсер етуіне байланысты аталатын басқа аспектілерге қысқаша тоқталамыз. Осылайша, Fertig (2003) неміс оқушыларының PISA-2000 зерттеуіндегі нәтижелерін талдау қорытындылары бойынша жекелеген студенттер оқу үлгерімі бойынша біртекті контингентті таңдауға тырысатын мектептерде анағұрлым жоғары жетістіктерге жетеді деген қорытындыға келді.
Сондай-ақ, автор оқушылардың оқу жетістіктері, тек ұлдарға немесе тек қыздарға ғана арналған мектептерге қарағанда, жыныстық белгі бойынша аралас контингентімен мектептерде анағұрлым жоғары екенін атап өтті.
Авторлар оқушылардың академиялық нәтижелерінің жақсаруы өңір мұғалімдерінің жалақысы өскен жағдайда ғана байқалады деген қорытындыға келді. 2017 жылы ЭЫДҰ мектептегі білім беруді қаржыландыру туралы есеп жариялады, оған сәйкес елдердің білім беруге жұмсаған шығыстары мен олардың оқушылары нәтижелерінің арасында айқын байланыс болмайды.
Сол 2017 жылы Ұлыбританияның Білім департаменті мектептерді қаржыландыру тиімділігін зерттеу нәтижелерін келтірді, олар PISA зерттеуінің елдер нәтижелеріндегі айырмашылық қаржыландыруға байланысты емес факторлармен түсіндіріледі деген деректерін растады.
Мектепті қаржыландыруға ұқсас, мектепті басқару әсерін біржақты түсіндіруге болмайды. Fertig (2003) мектеп дербестігі оқушылардың ХСЗ-дегі жеке
Қысқартылымдар
ХСЗ – Халықаралық салыстырмалы зерттеулер COVID-19 (Coronavirus Disease 2019) – Коронавирустық инфекциясы
ICILS (International Computer and Information Literacy Study) – 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын халықаралық зерттеу
IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) – Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Ассоциациясы
PIAAC (Programme for the International Assessment of Adult Competences) – Ересек халықтың оқу, математикалық сауаттылығын және АКТ дағдыларын халықаралық бағалау бағдарламасы
PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) – Мәтінді оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеу
PISA (Programme for International Student Assessment) – 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама
TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) – Математика және жаратылыстану білімінің сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеулер