Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Қазақ этнопедагогикасындағы дене және гигиеналық тәрбие - Coggle Diagram
Қазақ этнопедагогикасындағы дене және гигиеналық тәрбие
Дене тәрбиесінің ұлттық көрінісі негізінен адамға қажетті еңбек және ұлттық ойын түрлерінде қалыптасқан.
Мысалы, қазақ балалары аттың жалында, атанның қомында өскен. Олар аттың құлағында ойнаған, мал баққан, егін салған, садақ тартып, мергендік еткен, аң аулаған, жарысып, шабандоз болған, ұлттық ойындар ойнаған.
Қазақ балалары осындай мәнді-мағыналы, қажетті еңбек және ұлттық ойындар түрлерін игеру әрекеті арқасында дені сау, бойы биік, ер тұлғалы, шыныққан, мықты, икемді, дене бітімі қалыптасқан, яғни, дене жағынан жан-жақты жетілген азаматтар болып өскен.
Халықтық педагогиканың түрлі қырларын сөз еткенімізде дене тәрбиесі туралы айрықша тоқталудың өзіндік себебі бар. Өйткені, адам баласы ең алғаш дүниеге келген күннен бастап алдымен дене тәрбиесі қолға алынған.
«Тәні саудың – жаны сау»
Мұнан біз жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен бастау алатын процесс екендігін көре аламыз.
Қай кезде де ұрпағының аман-сау, дене күші мығым азамат болып өсуін армандаған халық нәресте жаңа дүние есігін ашқан сәттен алақанға салып, ең алдымен дене күтіміне көңіл бөлген.
Дене тәрбиесі туралы айтқанда қазақ халқының, әсіресе қыз баланың дене сымбаттылығына, оның көрікті болуына айрықша көңіл бөлгендігін көреміз.
«Аттың көркі -жал, қыздың көркі - шаш» деп ұққан аналар қыз баланың шашының күтіміне, оның әдемі де жақсы болып өсуі үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен жуындырған.
«қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» екіншіден, халық.
Дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, материалдық игіліктерді өндіруде оның маңызын ерекше түсінген қазақ халқы «Денсаулық – зор байлық» деп ой топшылаған.
Бірінші байлық денсаулық деп, денсаулықтың болуына баға жетпес байлыққа теңеп, ұрпағына ескерткен.
Қазақ халқы өмір сүру тарихында ауру-сырқаумен халықтық ем-дом арқылы күрескен.
Халықтық медицина тәжірибесіне сүйенген ата-ана бала ауырса халықтық емдерді қолданған.
Тіс ауырса меңдуана басқан, іш ауырып, салқын тисе қойдың тұздалмаған құйрық майымен сылаған.
Дене тәрбиесінің құралдарына келсек, халықтық рәсім, наным – сенімдер, ырымдардағы жан-тән тазалығы, дене тәрбиесінен көрініс береді. Мысалы, бесікке салу, сүндетке отырғызу т.б.
Қазақ халқының рухани мұраларының бөлінбес бөлшегі ретінде ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын тәрбие құралының бірі – дін, діни ілімдер.
Мұсылмандық 5 парызды өтеудегі намаз оқыған адам күніне 5 рет жуынып, дәрет алады. Бұл ең бірінші – дене тазалығы, екіншіден – рухани тазару.
Намаз оқу кезіндегі денені тік ұстау тұлға бітімінің сымбатты қалыптасуына, ал намаз сөздерін анық, таза айту 9 сөйлеу мәдениетінің дамуына септігін тигізеді.
Жалпы дін, діни ілімдер жас жеткіншектердің физиологиялық – гигиеналық тұрғыда өсіп жетілуіне әсер етумен бірге, ата-баба дәстүріне аялы көзқарасын тәрбиелейді.
Қазақ халқы баланы жастайынан дені сау азамат болып өсуін тілеген.
Жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде енелері келіндеріне ақыл-кеңес беруі;
Сәбиді тұзды сумен шомылдыруы; денесін маймен сылауы; қол-аяғын созып, «өс, өс» буындарын бекітуі;
шала туған баланы түлкі тымаққа салып асырауы; оған бие сүтін беруі;
қойдың құйрығын нәрестеге сорғызуы – сол қамқорлықтың айғағы.
Денсаулық сақтауға ерекше көңіл бөліп, оның негізі тамақ екенін түсінген халық «Денсаулық кепілі - ас» деп, ас болса ауру болмайтынын түсіндірген
Ас тұрған жерде ауру тұрмас.
Ас адамның арқауы.
Ауру астан – деген мақалдар соған дәлел бола алады.
Дұрыс тамақтану да денсаулық сақтаудың кепілі, оны сыпайылық, мәдениеттілік деп түсінген халық асты аса тойып жеуге, қомағайлыққа қарсы болған.
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Тамаққа және денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерде үнемділікке, қанағаттылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді.
• Қанағат қарын тойғызады,
Қанағатсыздық жалғыз атын сойғызады.
Қазақтың халықтық медицинасының тәжірибесіне сүйеніп ата-аналар балаларын түрлі аурулардан өздері жазып отырған.
Баланың тамағы ауырса, жалбызбен шайғызған.
Баланың тісі ауырса, мендуана басып қойдырған.
Қорытынды
Қазақ халқы үшін денсаулықтың қаншалықты орасан зор мән мағынасы болғандығын осы еңбекті оқи отыра білдім. Халық емін қолданудың сонау ғасырлардан келгенін түсіндім. Бала күнінен денсаулыққа дұрыс қараудың шала туылған баланың күтімінің дұрыс орындау.
Пайдаланған әдебиеттер
Ибраимова Л.Н. Оқу құралын құрастырған п.ғ.к., «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының доценті. Оқу құралы. Этнопедагогика, Тараз-2009, - 99 бет.