Ойын әрекетінің философиялық негізін ғылыми тұрғыда қарастырған К. Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюллер, В. Фриге, Р. Вандер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. Исупов, т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқынан да әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды.