Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Балардың мектепке танымдық дайындығы. - Coggle Diagram
Балардың мектепке танымдық дайындығы.
Мақсат.
Дәріс материалын менгеру.
Жоспар
Балардың мектепке танымдық дайындығы.
Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы ‹‹Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады››, - деген.
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап-күлуді білетін сияқты көрінеді
Дегенмен де, байыптап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді
Мектепке дейінгі кезең - баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Бала мектепке дейінгі шағында күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі. Л.Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне ие болмайтын шығармын.
Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық», - деп жазды
К.Чуковскийдің «Екіден беске дейінгі» кітабында бала ақыл-ойының дамуын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйлеген сөздерін келтіреді. Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген.
Оған дәлел мектеп жасына дейінгі педагогика тарихына көз жүгіртер болсақ бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген педагогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетіп отыр.
Л.С. Выготский (1935 ж.) балабақша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты
Ғалымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек. Себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімі мен байланысты болған жағдайда ғана бала танымының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ерте сәбилік шақ бір жастан үш жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, үш жасар бала мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді.
Танымдық қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын ара-қатынастықта іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы танымдық бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы танымдық бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың қандай заттармен шұғылдануымен тәуелді болады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналып жасалынған ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылымдарының өзінде бөлшектерін салыстырып өлшеу қажеттілігін туғызатындай етіп жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, өзін-өзі танымға үйретуші ойыншықтар деп атайды. Сыртқы танымдық бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстыруда, ара қатынастарын белгілеуден бала оларды көз алдынан табуға ауысады. Танымдық қабылдау әрекетінің жаңа типі қалыптасады. Көзбен танымдық қабылдаумен қатар естіп танымдық қабылдауы да дамиды.
Мектеп жасындағы баланың танымдық дамуында іс-әрекеттің күрделі формалары сананың таңбалық танымдық функциясы қалыптаса бастайды. Таңбалық танымдық функция дегеніміз ұмытылмас деген түсінік береді, яғни балада таңбалық танымдық функцияның қалыптасуы бір обьектіні екіншісінің орнын басушы ретінде қолдану мүмкіндігінде.
Түрлі таңбалар мен олардың жүйесін пайдалану - адам психикасына тән айрықша ерекшелік. Таңбалардың кез-келген түрі адамдар арасында қарым-қатынас үшін қызмет атқарады. Заттар мен құбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді.
Баланың жеке танымын қалыптастырудың бастапқы кезеңінде бала мен ересек адамның бірлескен іс-әрекеті қарқынды дамиды. Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын өзіне алады. Бұл кезеңде балалар айналасындағы заттардың аттарын білуге ұмтылады.
Ресми педагогикалық үдерісте «Таным» білім беру саласы негізінде балардың мектепке танымдық дайындығы жүгзеге асырылады.
Мақсаты: коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды қалыптастыру.
Міндеттері:
таным процестерін: зейінді, есті, қабылдауды, шығармашылық қабілеттерін, қиялды, ойлауды дамыту;
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
«Математика негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметі