Шоқан он жасына дейін өзінің туған ауылында әжесі Айғаным мен әкесi аға сұлтан Шыңғыстың тәрбиесінде өседі. Уәли, Шыңғыс ауылдары қазақтың ақын-әнші, сал-сері, өлеңші-жыршы, күйшілері мен бақсы балгер, құсбегі-саяткер сиякты өнер қуған қауымның жиі жиi жиналып, өнер сайысына түсетін ортасы болған. Орынбай, Жанақ, Шөже, Нысанбай ақындары, Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай сиякты жезтаңдай әнші-ақындар, Тәттімбет, Тоқа, Қанқожа сиякты күйші-композиторлар Абылай тұқымының маңына үйіріліп, өз өнерлерін дүйім жұртқа жайған.
Міне, осындай той-думан, өлең-жыр, аңыз-ертегі, айтыс-өнерінің ортасында өскен Шоқаннын қазактың дәстүрлерi мен өлең-жырларын жетік бiлiп, зейін қоя зерттеуi табиғи заңды кұбылыс. Шоқан тіпті Омбыдағы Кадет корпусінде окып Еуропаша білім алып жүрген кездің өзінде қазақ-қырғыз елдерінің әдебиеті мен мәдениетінен, салт-дәстүрлерiнен қол үзбеген. Онын басты бір себебі, сол кездегі Батыс-Сібір губерниясының орталығы Омбы қаласына қырдан келетін билер мен сұлтандарға арнайы салынган қонак үйдің болуы, оған үздiксiз қыр казактары: болыс-билер мен сұлтандар, жандарына акындар мен әнші-күйші, жыршыларды ертіп келіп, акындар айтысын, күйшілер сайысын өткізіп отырған.