Ы. Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген екі төл оқу құралын ("Қазақ хрестоматиясы", "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы") 1879 жылы жазып бастырып шығарды. Хрестоматияға, Ыбырай, біріншіден, қазақ халқының Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі т. б. аңыз-әңгімелерін енгізсе, екіншіден, өзінің "Бай баласы мен жарлы баласы", "Таза бұлақ", "Әке мен бала", "Аурудан - аяған күштірек", "Жеміс ағаштары", "Асыл шөп" т. б. ғибратқа, өсиетке құрылған дидактикалық әңгімелері мен өлеңдерін, үшіншіден, "Талаптың пайдасы", "Бір уыс мақта", "алтын шекілдеуік", "Мейірімді бала", "Жаман жолдас, "Силинші ханым", "Зергерлік" т. б. орыс, батыс классиктерінің тәлімдік мәні зор әңгімелерін аударып енгізді.