Мысалы, қазақ балалары аттың жалында, атанның қомында өскен. Олар аттың құлағында ойнаған, мал баққан, егін салған, садақ тартып, мергендік еткен, аң аулаған, жарысып, шабандоз болған, ұлттық ойындар ойнаған. Қазақ балалары осындай мәнді-мағыналы, қажетті еңбек және ұлттық ойындар түрлерін игеру әрекеті арқасында дені сау, бойы биік, ер тұлғалы, шыныққан, мықты, икемді, дене бітімі қалыптасқан, яғни, дене жағынан жан-жақты жетілген азаматтар болып өскен.
Халықтық педагогиканың түрлі қырларын сөз еткенімізде дене тәрбиесі туралы айрықша тоқталудың өзіндік себебі бар. Өйткені, адам баласы ең алғаш дүниеге келген күннен бастап алдымен дене тәрбиесі қолға алынған.