Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Балардың мектепке танымдық дайындығы - Coggle Diagram
Балардың мектепке танымдық дайындығы
Мақсат
Дәріс материалын меңгеру
Жоспары
Балардың мектепке танымдық дайындығы
Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы ‹‹Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады››, - деген.
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап-күлуді білетін сияқты көрінеді.
Дегенмен де, байыптап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.
Мектепке дейінгі кезең
баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Бала мектепке дейінгі шағында күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі.
Мектепке дейінгі шақ туралы
Л.Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне ие болмайтын шығармын. Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық», - деп жазды
К. Чуковскийдің «Екіден беске дейінгі» кітабында бала ақыл-ойының дамуын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйлеген сөздерін келтіреді. Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына дейінгі педагогика тарихына көз жүгіртер болсақ бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген педагогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетіп отыр.
Л.С. Выготский (1935 ж.) балабақша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты. Ғалымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек. Себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімі мен байланысты болған жағдайда ғана бала танымының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуы
Ерте сәбилік шақ бір жастан үш жасқа дейінгі аралықты қамтиды.
Үш жасар ғана емес, үш бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады.
Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын жасар бала мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді.
Танымдық қабылдау
Танымдық қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын ара-қатынастықта іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы танымдық бағдарлау әрекеттері қалыптасады.
Сыртқы танымдық бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың қандай заттармен шұғылдануымен тәуелді болады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналып жасалынған ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылымдарының өзінде бөлшектерін салыстырып өлшеу қажеттілігін туғызатындай етіп жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, өзін-өзі танымға үйретуші ойыншықтар деп атайды.
Сыртқы танымдық бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстыруда, ара қатынастарын белгілеуден бала оларды көз алдынан табуға ауысады. Танымдық қабылдау әрекетінің жаңа типі қалыптасады. Көзбен танымдық қабылдаумен қатар естіп танымдық қабылдауы да дамиды.
Мектеп жасындағы баланың танымдық дамуында іс-әрекеттің күрделі формалары
Мектеп жасындағы баланың танымдық дамуында іс-әрекеттің күрделі формалары сананың таңбалық танымдық функциясы қалыптаса бастайды.
Таңбалық танымдық функция дегеніміз ұмытылмас деген түсінік береді, яғни балада таңбалық танымдық функцияның қалыптасуы бір объектіні екіншісінің орнын басушы ретінде қолдану мүмкіндігінде.
Түрлі таңбалар мен олардың жүйесін пайдалану - адам психикасына тән айрықша ерекшелік.
Таңбалардың кез-келген түрі адамдар арасында қарым-қатынас үшін қызмет атқарады. Заттар мен құбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді.
Баланың жеке танымын қалыптастырудың бастапқы кезеңінде бала мен ересек адамның бірлескен іс-әрекеті қарқынды дамиды.
Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын өзіне алады. Бұл кезеңде балалар айналасындағы заттардың аттарын білуге ұмтылады.
«Таным» білім беру саласы негізінде балардың мектепке танымдық дайындығы жүзеге асырылады.
Мақсаты: коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды қалыптастыру.
Міндеттері:
таным процестерін: зейінді, есті, қабылдауды, шығармашылық қабілеттерін, қиялды, ойлауды дамыту;
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
«Математика негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметі
Міндеттері:
"бір" деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін таныстыру;
сөйлеуде математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру;
заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету;
заттарды түрлі белгілері бойынша салыстыра білуге үйрету (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы);
геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
кеңістік ұғымдарын бекіту: заттың кеңістікте орналасуы (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа, сол бағытта. кеңістіктік (заттың кеңістікте орналасуы (сол жақ, оң жақ, жоғары, төмен); қозғалыс бағыттары: солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан төменге, алға, артқа, сол бағытта) және уақыт (таңертең, күн, кеш, түн) түсініктерін бекіту.
«Шығармашылық» білім беру саласы
Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдауды қалыптастыру, өз түсініктерін, сезімдерін, ойларын көркем түрде бере білу.
Міндеттері:
балалардың өнер туындыларын қабылдау қабілеттілігін, эмоционалды қатынасты қалыптастыру;
-бірлесіп жұмыс жасау, жұмысты ұжыммен орындау дағдыларын қалыптастыру;
балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған әлемнің эстетикалық жағына қызығушылығын дамыту.
«Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметі
Міндеттері:
балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, жемістер, ойыншықтар, күрделі емес сұлбаларды өздеріне тән ерекшеліктерін бере отырып салу дағдыларын қалыптастыру;
негізгі пішінді, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге үйрету;
балаларды түрлі материалдарды – қарындаштарды, бояуларды пайдалана білуге үйрету.
«Мүсіндеу» ұйымдастырылған оқу қызметі
Міндеттері:
балаларды затқа қарап немесе сурет бойынша мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;
мүсіндеудің әдістерін қолдануды және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру;
балаларды командада жұмыс істеуге, өз жұмысын және өзге балалардың жұмысын бағалауға үйрету.
«Жапсыру» ұйымдастырылған оқу қызметі
Міндеттері:
геометриялық элементтерден өрнектер құрастыру дағдыларын қалыптастыру;
қағаз парағында заттарды орналастыру дағдыларына үйрету;
әртүрлі әдістерді қолдануға үйрету (қию, жырту, екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қию).
«Әлеумет» білім беру саласы
Мақсаты: ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері
жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық;
құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынастың қарапайым жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін үйрету;
Қорытынды
Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді . Оқу үдірісімен қатар жүре отырып , балалардың танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады.
Пайдаланған әдебиеттер
1 Абрамова Г.С. Практическая психология.-М., 2002.-275б.
2 Алимбаева Р.Т., Айқынбаева Г.Қ. бастауыш мектепке келген балалардың даму деңгейін анықтап білу әдістемесі-Қарағанды., 1999.-281б.
3 Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері / редакциясын басқарған Баймұратова Б.- Алматы.,1986.-188 б.
4 Возрастная и педагогическая психология. Тексты.-М. МГУ, 1992.-485б.