Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың…
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың міндеттері.
Мақсат.
Аталмыш оқу материалын менгеру.
Жоспар.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың міндеттері.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың міндеттері
мәселесін шешу үшін әр баланың жеке ерекшеліктерін білім беру жүйесінің барлық буындарында егжей-тегжейлі анықтай отырып
баланың физикалық, психологиялық, интеллектуалдық даму көрсеткіштерін ескеру өте маңызды.
Бұл үдерістің табысты болу ережесінің негізгі компонентеріне төмендегі кестедегі индикаторлар жатады.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың міндеттері арнайы қағидаттарға негізделуі шарттылық болып табылады. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беруде сабақтастықты құру принциптері:
1) гуманизм жеке адамға құрмет көрсету ретіндегі үдеріс: балаларға мейірімді, қамқор көзқарас таныту;
2) балалардың жас ерекшеліктерін және дамудың алдыңғы кезеңіндегі жетістіктерін ескеру;
әр жас кезеңінің өзіндік құндылығын тану, қабылдау;
балалардың жеке даму қарқынына, бейімділіктеріне, мүдделеріне бағдарландырған үдерісті туғызу;
бала дамуына қолайлы жағдайлар жасау:
балалардың танымдық және психикалық процестерінің дамуы, социумдағы белсенділіктерінің бағытталуын ескеру үдерісі;
өз мінез-құлқының ерекшеліктерін білу
8) өзін-өзі позитивті бағалау;
өз-өзін құрметтеуге және басқаларға сыпайы қарауды қамтамасыз ету;
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың міндеттерін шешу барысында мектеп жасына дейінгі баланың және бастауыш сынып оқушысының негізгі құзыреттіліктеріне аса мән берілген жөн.
Осы тұрғыда бастауыш сынып оқушысының негізгі құзыреттіліктеріне мына әрекеттерді жатқызуға болады:
баланың ана және мемлекеттік тілді еркін меңгеру, шет тілдерінде қарым-қатынас жасау қабілеті;
математикалық құзыреттілік;
жаратылыстану ғылымдары,
техника және технологиялар саласындағы құзыреттіліктер;
жаңашылдық;
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі құзыреттіліктері:
денсаулық сақтау; коммуникативтілік;
пәндік-практикалық; ойнау;
сенсорлық-танымдық; табиғи-экологиялық;
көркем және өнімді; сөйлеу; әлеуметтік; тұлғалық-бағалаушылық..
Мектепалды жасындағы балалардың негізгі іс-әрекеттері бастауыш мектеп жасында сақталып, мазмұнды толықтырылуы керек
Мектепалды жасындағы балалардың дамуының негізгі бағыттары: байланыс жасау;
; ойын; қозғалыс; таным; шаруашылық-тұрмыстық әрекеттер; көркемдік-эстетикалық даму;
сурет салу; аппликация; ән айту; музыка тыңдау;
хореография; театрлық әрекеттерді менгеру.
Мектепалды жасындағы балалардың негізгі іс-әрекеттері мен негізгі бағыттарының алғашқы оқыту кезендерінде сақталуы бастауыш оқу процесіне біртіндеп көшуге ықпал етеді және оқу қызметтіне көшуге жаңа жол салады.
Жаңа әрекеттер мен оқу қызметінің негізгі мақсаттық бағыттарына әр түрлі белсенділіктердің дамуы, өзіндік шығармашылығының дамуы, жаңаланған құзыреттіліктердің қалыптасуы.
Ментальный карта. Хайрым А