Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
ДИДАКТИКА/ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ, Дидактика туралы түсінік, Дидактиканың даму…
ДИДАКТИКА/ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
Бұл ежелгі грек сөзі, яғни
didaktikаs
– үйретуші, оқытушы,
didaskо
-оқушы деген ұғымды білдіреді
Дидактика
– білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Ерте дәуірдегі және ортағасырлық ойшылдар еңбектерінде «оқыту», «оқыту процесі» ұғымдары «білім беру» деген мағына береді. Өткен ғасырдан бастап оқыту ұғымына білім беру және оқу компоненттері енгізіле бастады.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
•Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?
•Кімді оқытамыз (оқыту субьектілері)?
•Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері)?
•Неге оқытамыз (білім беру , оқыту мазмұны)?
•Оқытуды қалай ұйымдастырамыз(оқытуды ұйымдастыру формасы)?
•Оқытуға қандай құралдар қажет(оқулықтар , оқу құралдары , компьютерлік бағдарламалар , дидактикалық бағдарламалар және т.б.)?
•Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады(оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері)?
Дидактиканың негізгі категориялары:
білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері,әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі
Мұнда білім беру – мұғалімнің оқу материалын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті, оқу – оқушының ұсынылған білімдерді меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде көрінеді
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан
ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер
орындайды
Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі:
білім беру оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу
Дидактиканың қолданбалы қызметі
: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау,жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика теринінің ғылыми айналымға енуі
Алғаш рет бұл сөз оқыту өнерін белгілеу үшін неміс педагогы
Вольфганг Раткенің
(Ратихия) (1571 - 1635) шығармаларында кездеседі
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы
Ян Амос Коменский
(1592-1670). Оның
1632
жылы шыққан
Ұлы Дидактика
кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады.
Иоганн Генрих Песталоцци
(1746-1827жж.)
"Гертруда өз балаларын қалай оқытады"
(1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады.
Жан Жак Руссо
(1712-1778жж.)
"Эмиль немесе тәрбие туралы"
(1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды.
ХІХ ғасырдың неміс педагогы
Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек
( 1790-1966) дамытып оқыту дидактикасы баяндады. Оқыту процесінде әртүрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті. Көрнекілік, еліктіргіштік, жігерлік, оқушылардыі дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу т.б.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетінымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.). А.С. Макаренко оку пәндерін жүйелі оқытуды қүптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты
2 more items...
Дидактика туралы түсінік
Дидактиканың даму тарихы