1 сыныптың мұғалімі балаларға 9 санның екі және жетіден, алты және үштен құралатындығын айтып: «9 саны тағы да қандай сандардан құралады? - деп сұраса, олар:», «Төрт пен бестен»- деп жауап береді. «Тоғыздан төртті азайтсақ, қанша қалады?», «Тоғыздан бесті азайтсақ ше?», «Сендер нені аңғарасыңдар?» деп мұғалім ой сала сөйлейді. Балалар:’’Қосындыдан бірінші қосылғышты шегерсек, онда екінші қосылғышы шығады’’.-дейді.