Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбиенің түрлері, менталды карта жасау…
Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбиенің түрлері
Қазақ халқы жас ұрпағын
халық даналығымен
тарихымен
қолөнерімен
музыкасымен
Қазақ халқында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып,
адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер және қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған.
Халқымыз жас ұрпағын тәрбиелеуде:
денсаулық пен тазалық,
еңбек пек өнер, оқу мен білім, инабаттылық пен ізгілік, сұлулық пен әсемдік, табиғатты қорғау, елін жерін сүю, оны қорғау және басқа да асыл қасиеттерді дәріптеп, оларды бала бойына сіңіре білген.
Ұлттық тәрбиенің осы түрлері қазақ халық педагогикасының асыл қазыналары мен бұлақтарында яғни, халық шығармашылығының барлық түрлерінде жатыр.
Ал қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие түрлерінің мазмұны ұлы ойшылдардың трактаттарында, ақындар мен жырау-жыршылардың терме-толғауларында, әнші-күйші композиторлардың әндері мен күміс күйлерінде, ұлттық ойындарда, халықтың қолөнерінде, ауыз әдебиетінде, халық тарихында айқын көрініп, ұрпақ бойында орын алған.
Енді қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбиенің түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.
Қазақ баласын ағаш бесікке салып тәрбиелейді. Бесік тәрбиесінің маңызы туралы М.Жұмабаев, Х.Арғынбаев, М.Ғабдуллин, С.Қалиев өз еңбектерінде арнайы мән берген. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады.
Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретін жерді тесіп ойып қояды.
Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып қояды, басына кішкене жастық салады.
Баланың бесікте кіші дәретке отыруына қолайлы етіп қойдың асық жілігінен тесіп шүмек, үлкен дәретке арнап киізден түбек жасайды. Оған орта беліне дейін күл салады.
Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады.
Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдар жабылады.
Тон, шапан жабу – ержеткенде бала халыкқа қадірлі болсын деген тілек; жүген –ержеткенде бала халыкты қорғайтын азамат болсын;
жүген жабу – ат ұстайтын азамат болуын тілеу; кебенек, қамшы жабу – ел қорғайтын батыр болсын деген тілек.
Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіріледі. Ал бесікке салған бәйбішеге таза матадан көйлек кигізеді.
Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығы: біріншіден, көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы емізгенге өте ыңғайлы.
Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып та емізе береді. Тіпті анасы емізе отырып, мызғып та алады.
Үшіншіден, бесік баланың денесінің тазалығына, ұйықтауына қолайлы. Баланың нәжісі (зәрі) денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді.
Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды. Ал, бала денесінің өсуі үшін ұйқы аса қажет. Бала 40 күнге дейін 22-23 сағат, алты айға дейін 20-21 сағат, ал 1 жасқа дейін 18-20 сағат ұйыктайды. Ұйқысы тыныш болғаннан денесі тез өсіп жетіледі.
Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды.
. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты алдын ала арнайы жасатып, бесік тойына алып келіп тарататын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін, үрім-бұтағым, өрісім көп болсын деген ой-пікір көзделген.
менталды карта жасау 11 апта.Хайрым А