Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші баланың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілетінің дамуына кең жол ашады. Тәрбиеші алғашқы күнен бастап баланың бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс.