Жалпы, Қазақстанның өзге елдермен жүргізетін халықаралық қарым-қатынастары жаһандану процессінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, елдер арасында технология, медицина, гуманитария салаларындағы білім, тәжірибе және ресурс алмасу жүзеге асады. Бұл біздің елге одан бетер дамыған мемлекеттерден пайда көруге көмектеседі. Оған қоса, халықаралық қарым-қатынас арқылы елдер арасындағы мәдени-рухани түсініспеушіліктер шешіледі, себебі әр халықтың мәдениеті және наным-сенімдерімен өзара бөлісуге және ортақ қызығушылықтарды айқындауға мүмкіндік бар