Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНА - 100 ЖЫЛ! Алаш 100 жыл - Coggle Diagram
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНА - 100 ЖЫЛ!
Бірінші Жалпықазақ съезі
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
Мемлекет билеу түрі;
Қазақ облыстарында автономия;
) Жер мәселесі;
Оқу мәселесі және т.б.
Алаш партиясының жетекшілері
Бөкейханов,
А.Байтұрсынов,
М.Дулатов,
М.Тынышбаев,
Ж.Ақбаев
Б.Қаратаев
солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов
Қазақ АССР-і
Осы сиезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өзгертілген, ресми түрде қабылданған альфавиттің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі мәселелер талқыланды.
Ал 1927 жылы Қызылордада жазу (графика) мәселесіне арналған конференцияда А.Байтұрсынов сиезде айтқан пікірін қуаттай келе: «Түрік жұртының 90%-і баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді.
Әрқайсысының араб әрпімен жазылған хат мәдениеті бар (хат мәдениеті –сауаттылық, оның жүзіндегі өнер-білім, ілім, емле, үйрету әдісі, баспа істері, баспа мамандары, жазба мамандары, жазылған, басылған барша сөздер т.т.).
Хат мәдениеті бар халыққа бір әрпін тастап, екінші әріпті ала кою оңай нәрсе емес», – деп өз ойын білдірген. А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам.
Осы талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды.
. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті.
XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр
«Алаш» партиясының өмірге келуі
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер:
қазақ-қырғыз автономиясы;
милиция құру;
ұлт кеңесі
оқу мәселесі
«Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады.
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
жұртқа жалпы оқу жайлы;
бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға
оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.