Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Деңгейлеп оқыту технологиясы - Coggle Diagram
Деңгейлеп оқыту технологиясы
мақсаты
әрбір оқушының өзінің даму деңгейіне байланысты оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
ғылыми – теориялық негіздері
әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
әртүрлі даму деңгейіндегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей
оқыту технологиясы тиімді болуы үшін
Жеке тұлғаерекшеліктері
Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттері, зейін ерекшеліктеріне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);
Пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білім мен іс–әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Сыныпішілік деңгейлеп оқыту технологиясы
Н.П. Гузик.
Оқу үрдісін ұйымдастыру негізгі бес типті сабақтардан құралған
Тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекция деп атайды). Бұл сабақтардың басты мақсаты – тақырып бойынша қаралатын құбылыстарды түсіндіретін негізгі заңдар мен теорияларды талдау.
Семинар сабақтарында оқушылар өзіндік жұмыс жасау процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы (әрбір тақырып бойынша мұндай сабақтардың бірнеше рет 3-тен 5-ке дейін өткізілуі).
Қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп те аталады). Тақырыптық сынақтардан әрбір оқушы өтуі міндетті.
Қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп те аталады). Тақырыптық сынақтардан әрбір оқушы өтуі міндетті.
Сарамандық сабақтар. Осы негізгі сабақтардан басқа сабақтар да қолданылады: пікірталас, конференция және т.б.
Мұғалім оқыту жүйесін құру барысында бес принципті іске асырылады:
Түсіндірілетін материалдар ірі бөлімдерден тұруы керек
Оқыту деңгейі күрделі болуы қажет
Тапсырмалар деңгейін оқушылар өздері таңдайды
Тексеру бірнеше рет қайталанады
сабақ түрлері қолданылады
топтармен жұмыс, ой толғау, сұқбаттасу, модульдік оқыту, семинарлық-сабақ жүйесі, сыныптан тыс қосымша жеке сабақтар, жеке көмек, кеңес.
тапсырмалары
Өзіндік жұмыс, есептер шығару, зертханалық және сарамандық жұмыс
екі аспектіні қарастырады
белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді (репродуктивті деңгейден шығармашылыққа дейін).
балалардың белгілі деңгейде өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).
мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде жаңа материалдарды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп–саралап оқытуды ұйымдастырады
«С» бағдарламасындағы
тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып, оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Сондықтан «С» бағдарламасының мазмұнына қалай оқыту керек, неге назар аудару керек, бұдан қандай қорытынды жасау керектігі туралы нұсқаулар енгізіледі
«В» бағдарламасы
қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу-ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаларға нақты тапсырмалармен қатар бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлеледейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер кіргізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды кеңінен түсінуге көмектеседі.
«А» бағдарламасының
орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді