Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
химиялық тіл - Coggle Diagram
химиялық тіл
-
-
Семиотика
синтаксистік, яғни символикалық жүйедегі таңбалардың құрылысын және бірігу ережелерін қарастырады. Таңбалардың бір-біріне қатысы символиканың қызметіне байланысты емес. Химиялық тіл синтаксисінің міндеттеріне символиканың алфавитін оқыту, әр алуан химиялық формулалар мен теңдеулерді құру ережелері жүйелік номенклатураның ұстанымдарын анықтау жатады.
прагматика таңбаның таным барысындағы пайдасын зерттейді. Прагматикалық (практикалық) сала, негізінен оқытуда химиялық символиканы пайдалануға бағытталған. Химия ғылымында жинақталған қоғамдық тәжірибелердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуіндегі таңбалар жүйесінің мәнін қарастырады. Оқытуда химиялық символиканың мұндай жағын ашу химия негіздерін меңгеру үшін ѳте тиімді болып, оқушыларға танымдық қабілеттеріне сәйкес символикалық белгілерді түсінуге және қабылдауға қолайлы жағдай туғызады
семантика, яғни таңбаның белгілейтін нәрселері мен құбылыстарға қатынасын зерттейді
-
Таңба жеке күйінде қолданылмайды, бір-бірімен бірігіп жүйе түзеді. Осы жүйедегі таңбалардың ѳзара қатынасын синтактика саласы зерттейді