Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Топтап оқыту технологиясының - Coggle Diagram
Топтап оқыту технологиясының
мақсаты:
• Оқу үрдісінің белсенділігін қамтамасыз ету;
• Пән мазмұнын жоғары деңгейде меңгеруге жету.
концептуалдық негіздері
• Топтағы оқушылар өзара білімдерін байытады;
• оқу–танымдық үрдісті белсендіру үшін бірге атқаратын іс–әрекетті ұйымдастырады;
• іс–әрекет тәсілін таңдайды;
• өзара тәуелділік қатынаста болады.
Топтап оқыту технологиясын қолданып сабақ өткізу үш кезеңнен тұрады
Топтық тапсырманы орындауға дайындық:
− Танымдық мақсат қою;
− Жұмыс орындау тәртібі туралы нұсқау;
− Дидактикалық материалды әр топқа бөліп беру.
Топтағы жұмыс:
− Тапсырмамен танысу, топ жұмысын жоспарлау;
− Топ мүшелеріне жеке–жеке тапсырма беру;
− Тапсырманың дербес орындалуы;
− Дербес орындалған тапсырмаларды топта талқылау;
− Топқа тапсырылған тапсырманы жалпы талқылау және қажет болса толықтыру, анықтау, талдап қорыту;
− Топтық тапсырманың орындалуын қорыту
Қорытынды бөлігі:
− Топта орындалған жұмыстың нәтижесін айту;
− Танымдық мақсаттарды талдау, рефлексия;
− Топтың жұмысы туралы жалпы қорытындылау;
− бір–бірімен іс–әрекет тәсілдерімен алмасу, нәтижесінде қойылған проблеманы шешу;
− оқушылар бірігіп іс–әрекет атқарғанда өзара түсіністіктің болуы;
− оқушылар бірігіп іс–әрекет атқарғанда өзара түсіністіктің болуы;
Мұғалім мынадай ұйымдастыру мәселелерін шешеді:
− топтың құрамын анықтау, екі немесе төрт–бес оқушы болуы мүмкін;
− топты нақты тапсырмамен қамтамасыз ету, оның мақсаты – топ жұмысын басқару, себебі мұғалім әр топпен тұрақты жұмыс істеуі мүмкін емес;
− топтың жұмыс істеу уақыты белгіленеді (қалып қою немесе алға кетуі де мүмкін, сондықтан қосымша вариант ойластырылады);
− жұмыс істеу реті жасалынады, оқушыларға ол таратылады;
− зертханалық жұмыстар үшін арнайы үстелдер мен жабдықтар дайындалады;
− теңдеу және есепке алу жүйелері жасалынады; тапсырмалар дайыындалады.