Please enable JavaScript.
Coggle requires JavaScript to display documents.
Үй шаруашылықтарының қаржысы (Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары…
Үй шаруашылықтарының қаржысы
үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді
осы шаруашылық бірлігі мен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен – бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады
үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай ресурстарды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
маңызы
Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. ХХІ ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді.
ұғымы
Экономикалық теорияда үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады.
«Үй шаруашылығы» термині жиі экономикалық әдебиетте «отбасы» терминіне ұқсас термин ретінде пайдаланылады. Бірақ отбасынан айырмашылығы үй шаруашылықтары туған-туысқандарды ғана кіріктірмейді, бір, екі және одан көп мүшелерден де тұра алады.
функциялары
екіге бөлінеді
отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету
бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды
бөлу
Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды.
Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.
Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары және бюджет
бұл отбасы қарамағын¬дағы жиынтық ақша. Үй шаруашылығының ақшалай қаражатарының көлемі шаруа¬шы¬лықтағы әркімнің күш салуына байланысты.
Екі негізгі қор жасалды
тұтынуға арналған қаражаттар, ол осы ұжымның – отбасының жеке қажеттіліктерін (тағам өнімдерін, өнеркәсіп өндірісінің тауарларын сатып алу, түрлі ақылы қызметтерді төлеу және басқалары) қанағаттандыруға арналған
жинақақшаларға (кейінге қалдырылған қажеттіліктердің) арналған қаражаттар, ол келешекте қымбат тұратын тауаларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капитал ретінде
бюджеттерінің үш тұрпаты бөліп көрсетіледі
Бірлескен бюджет кезінде отбасы мүшелерінің тапқан барлық қаражаттары бірге қосылады және алынған қаражаттарды бөлу мен пайдалану мәселелері бірлесіп шешіледі
Бюджеттің бірлескен-бөлектелген тұрпатын шамамен тепе-тең табыстары бар отбасының мүшелері қалыптастырады.
Бөлектелген бюджет әрбір мүшесінің жоғары табысы бар және өзін-өзі қамтамасыз ететін отбасылары үшін қабылданған